Әлем
1 мин оқу 400

Ұлы ақын ұлықталды

<p style="text-align: justify;">Моңғол елінің астанасы &ndash; Ұлан&shy;&shy;батыр қаласында Қа&shy;зақ&shy;стан Рес&shy;публикасы елші&shy;лігінің ұйымдас&shy;тыруымен қа&shy;зақ&shy;тың ойшыл тұл&shy;ғасы Абай Құна&shy;нбайұлының рухын ұлық&shy;тауға арналған дөң&shy;гелек үстел өтті.</p>

Ұлы ақын ұлықталды

Мәдени іс-шараны ашып, сөз сөй­леген Қазақстанның Моң­ғо­лияда­ғы Төтенше және Өкілетті елшісі Ж.Әділбаев ұлы ақынның рухани қазынасын көпшілік­ке таныстырып, дөңгелек үстелге қаты­­сып отырған аталған елдегі диаспора өкілдері мен мә­дени мекеме қызмет­керлеріне алғыс білдірді.

Басқосу барысында, баяндама жа­­саған Моңғолия Ғылым ака­де­­мия­сы­ның академигі Бакей Ағы­парұлы Абай – әлем таныған тұлға, деген пайы­мын жеткізді.

Жиын соңында Ұланбатыр қала­сы Д.Нацагдорж атындағы орталық кітапхана меңгерушісі Д.Индира мен оқы­­мысты-ғалым Т.Етекбайға абай­та­нуға қосқан үлесі үшін Қа­зақстан Рес­­публикасының Пре­зиденті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хаты табыс­талса, еларалық мәдени ағартушылық байланыс­ты дамытуға, сонымен қа­тар қа­зақтың ұлы ойшылы Абай Құнан­байұлының шығармашылығын наси­хаттауға қосқан үлесі үшін Elite ха­лық­аралық мектеп директоры Б.Тамир, мәдениет қызметкері Ж.Рая, мұғалім Д.Белгібаева, «Алаш Моң­ғолия» үкі­меттік емес ұйымының мүшесі Ж.Барс бас­таған тұлғалар Мәде­ниет және спорт министрінің Алғыс хатымен марапат­талды.

Бөлісу:
Ұлы ақын ұлықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар