Атырауда айналма жолға мұнай төгілгені рас па?

«Ақтөбе-Атырау-Ресей Федерациясының шекарасы» бағытындағы жолдың айналма бөлігіне мұнай төгілуі мүмкін екені туралы видео тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл деректі облыстық экология департаментінің мамандары тексеріп жатыр.
«Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде 14 тамызда жарияланған бейнежазба назарға ілікті. Бейнежазбада тұрғын Исатай ауданында салынып жатқан жол құрылысы бойына мұнай қалдықтары төгілгені жөнінде ақпарат берген. Аталған мәселеге қатысты 15 тамызда департаменттің мамандары жылжымалы лабораториямен Исатай ауданына барды. Мамандар химииялық талдау жүргізу үшін топырақ сынамаларын алды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.