Оқиға
1 мин оқу 210

Алматылық зейнеткер немересімен бірге есірткі өсірген

<p style="text-align: justify;">Алматыда 76 жастағы зейнеткер немересімен бірге есірткі өсірген, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp; <a href="https://polisia.kz/almatyda-zejnetker-nemeresimen-birge-esirtki-osirgen/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Polisia.kz</a>-ке сілтеме жасап.</p>

Алматылық зейнеткер немересімен бірге есірткі өсірген

Алматының Алатау ауданындағы «Әйгерім» ықшам ауданындағы үйлердің бірінің 76 жастағы тұрғыны немересімен бірге «канопля» және «марихуана» есірткілерін заңсыз өсірген.

«Г.есімді әйелдің тұрғылықты жерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жасыл түсті, ерекше иісі бар өсімдік тектес 117 бұта табылып, тәркіленді. Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі – кептірілмеген марихуана, жалпы салмағы 6 келі 680 грамм екені анықталды. Қазіргі уақытта Алатау ауданының ПД-де ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Сағындық Аяғанов.


Бөлісу: