Аймақтар
1 мин оқу 311
ШҚО-да 40 жолаушысы бар автобус батпаққа батып қалды
<p style="text-align: justify;">Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында 40 жолаушысы бар автобус батпаққа батып, далада қалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> «Хабар 24-ке» сілтеме жасап.<br /><br /></p>

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Тоқтамыс ауылынан 20 шақырым жерде Қоңыр әулие үңіріне бара жатқан жолда автобус батбаққа батып қалды. Жауынның астында қалған 40 жолаушыға жедел жеткен құтқарушылар тобы автобусты сүйреп шығарып, дер кезінде көмек көрсеткен. Жолаушылар өз бағыттарымен аман-есен сапарларын жалғастырды. Зардап шеккендер жоқ.
Бөлісу: