Елімізде бензин тағы қымбаттауы мүмкін
<p style="text-align: justify;">Мұнай-газ саласының сарапшысы Олжас Байділдинов осындай болжам жасады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

Шілде айында республика бойынша АИ-92 маркалы бір литр бензин орта есеппен 173 теңгеден сатылған. Маусыммен салыстырғанда 0,9%-ға жоғары. Өсім алдағы уақытта да жалғасуы мүмкін.
Оның айтуынша, қазір Павлодардағы мұнай өңдеу зауытында АИ-92-нің көтерме бағасы 6-7 теңгеге қымбаттады.
«Бір екі апта ішінде бұл жанармай құю бекеттеріндегі бағаға әсер етеді. Сондай-ақ көрші Ресейде де жанармай жыл басынан бері 6%-ға қымбаттады. Мұнда АИ-92 маркасы төл ақшамызға шаққанда 270-290 теңге аралығында. Біздің елмен салыстырғанда жүз теңгедей айырмашылық бар. Бұл шекаралас аймақта жанармайдың Қазақстаннан Ресейге заңсыз тасымалданып, елде бензин тапшылығын тудыруы мүмкін», дейді.