Қазақстандық теннисшілер әлемдік рейтингіде көтерілді
<p style="text-align: justify;">Кәсіби теннисшілер қауымдастығы жеке және жұптық разрядтағы рейтингтің жаңа нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Қазақ теннис федерациясының баспасөз қызметіне <a href="https://ktf.kz/ru/press-center/news/?id=5677" target="_blank" rel="noopener noreferrer">сілтеме</a> жасап.</p>
Қазақстандық теннисшілер Михаил Кукушкин мен Дмитрий Попко рейтингтегі жағдайын жақсартты. Кукушкин екі позицияға көтеріліп, 129-шы болса, Прагадағы «Челленджер» финалына шығудың арқасында Дмитрий Попко бес жолды жеңіп, 176-шы орынға тұрақтады.
Жұптық сында біздің спортшылар бұрынғы позицияларын сақтап қалды: Андрей Голубев - 36-шы, Бублик - 49-шы және Александр Недовесов - 84-ші орында.