Аймақтар
1 мин оқу 310

Атырауға Vero Cell вакцинасының 10 мың дозасы жеткізілді

<p style="text-align: justify;">Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев мәлім етті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атырауға Vero Cell вакцинасының 10 мың дозасы жеткізілді

Оның айтуынша, бүгін, 16 тамызда өңірдегі фармацевтикалық қоймаға жеткізілген Vero Cell вакцинасының алғашқы партиясы 10 мың дозаны құрайды. Вакцинаның 5 мың дозасы I компонентке, 5 мың дозасы II компонентке арналған.

«Қазір Қытай вакцинасын аймақтағы егу бекеттеріне бөлу жүріп жатыр. Vero Cell вакцинасын 17 тамыздан бастап салдыруға болады. Вакцинаның екі компоненті арасындағы интерваль 21-28 күнді құрайды» дейді Асхан Байдуәлиев.

Қытайлық Vero Cell вакцинасын Атыраудағы 1,2,3,4,5,7-қалалық және Геолог емханасында, сондай-ақ 7 аудандық орталық ауруханада алуға болады.

Бөлісу: