Атырауда вакцинаның екі компонентін салдырғандар 120 мыңға жуықтады

Атырау облысында вакцинаның екі компонентін салдырғандардың саны 119 429 адамды құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық денсаулық басқармасының ақпаратына сүйенсек, 15 тамызда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинасының І компонентін 593, ал, ІІ компонентті 466 адам салдырған.
«Биылғы 1 ақпан мен 15 тамыз аралығында 164 320 атыраулық вакциналардың I компонентін ектірді. Вакциналардың ІІ компонентін салдырғандар саны 119 429 адамға жетті», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.