Өнер
2 мин оқу 680

Корея кескіндеме көрмесі ашылды

<p style="text-align: justify;">Елордадағы Ұлттық музейде ел Тәуелсіздігінің отыз жыл&shy;дығына орай Корея Республикасы елшілігінің Корей мә&shy;дени орталығының ұйытқы болуымен Sumukhwa Monologue атты сиямен салынған кескіндеме көрмесі ашылды.</p>

Корея кескіндеме көрмесі ашылды

Көрмеге Кореяның Чолла-Намдо провинциясы мен бас­қа да өңірлерінің талантты қыл­қалам шеберлерінің туындылары ұсынылды. Онда табиғаттың әдемі көріністері мен әлемнің пайда болу жаратылысын өзек еткен философиялық тақырыптар қозғалған.

Мәдени іс-шараның ашы­луында Ұлттық музей дирек­торының орынбасары Абай Сату­балдин көрменің маңызына тоқ­талып: «Қазіргі күні екі ел ара­сындағы байланыс нығайып, жыл сайын екі жақты көптеген іс-шаралар өтеді. Әсіресе Ұлттық музей аталған елдің ғылыми ұйымдарымен бірлескен жобаны қолға алып, археология мен мәдени мұра саласында зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда. Бүгінгі көрменің ашылуы да сол мәдени қарым-қатынастың бір көрінісі», деді ол.

Өз кезегінде Корея респуб­ли­касының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ку Хонг-сок көрмені ұйымдастыруға ұйытқы болған Ұлттық музей ұжымы­на алғысын айтып, халқымызды тәуелсіздіктің айтулы мереке­сімен құттықтады.

– Ел Тәуелсіздігінің 30 жыл­дығы мен ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея рес­публикасына мемлекеттік сапары қарсаңында, сондай-ақ Кореяны азат ету күніне орай өтіп отырған көрме сіздерге жы­лылық сыйлайды деп ойлаймын. Корея елшілігі мен біздің мәдени орталық алдағы таңда да осындай қызықты әрі танымдық іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр,– деп келушілерге ризашылығын білдірді.

Жалпы «Сумукхва» кес­кін­демесі деп басқа түс қоспаған қара сиямен боялған туындыларды айтады. Ол қағаз бетіндегі сызықтар мен бос кеңістіктерге назар аудартып, жарық реңктері мен қара сия градациясы арқы­лы ішкі рухани әлемді көркем кестелейді. Айта кетейік, көрме 17 қа­зан­ға дейін жалғасады.

Бөлісу:
Корея кескіндеме көрмесі ашылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар