Аймақтар
1 мин оқу 473

Алакөлде Достық-Мойынты учаскесі жаңартылуда

<p style="text-align: justify;">Алматы облысы Алакөл ауданындағы Достық &ndash; 19 разъезд аралығында екінші жолдың және 19 разъездегі үш қабылдау-жөнелту жолының құрылысы басталды. Бұл туралы ҚТЖ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазіргі уақытта екінші жол төселетін жер дайындалып жатыр. 110 мың текше метрден астам жер төсемі себілді. Сондай-ақ 3 су өткізу құбыры ұзартылып, темірбетон теміржол көпірінің құрылысы жүргізілді.

Достық станциясында станциялық жолдарды қайта төсеу үшін жер төсемін салу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүріп жатыр.

№19 разъезде сыртқы электрмен жабдықтау тіректерін монтаждау жұмысы басталды. Оған 80-нен астам адам және 45 бірлік арнайы техника  жұмылдырылды.

Жобаны іске асыру пойыздар қозғалысының жылдамдығын арттыруға, Қазақстанның Қытай-Еуропа бағыты бойынша негізгі транзиттік дәлізінің өткізу және тасымалдау қабілетін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Алакөлде Достық-Мойынты учаскесі жаңартылуда · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар