Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жекке қашан шығатынын айтты
<p style="text-align: justify;">Орта салмақтағы Қазақстан чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) instagram парақшасында рингке қай уақытта шығатыны туралы айтты, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://prosports.kz/kz/news/512275-zhenibek-elimhanuly-kelesi-zhekpe--zhekke-kashan-shygatynyn-aitty" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Prosports.kz-</a>ке сілтеме жасап.</p> <p> </p>

«Құрметті жанкүйерлер! Команда демалыста екенін білесіздер. Демалыс елде сәтті өтіп жатыр. Бұйыртса жыл соңына дейін 1 жекпе-жек өткіземіз. Келіссөздер басталып кетті!», делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы кейінгі жекпе -жегін 26 маусымда Лас -Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өткізді. 28 жастағы қазақстандық сегізінші раундтың соңында жекпе-жекті жалғастыруды бас тартқан американдық Роб Брунтты (26-3, 18 КО) мерзімінен бұрын жеңді.