Қайрат Ералиев өзбек боксшысына қарсы жекпе-жек өткізеді
<p style="text-align: justify;">Қазақстандық боксшы, 2017 жылғы әлем чемпионы Қайрат Ералиев кәсіби рингте өзінің дебюттік жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://www.sports.kz/news/chempion-mira-iz-kazahstana-debyutiruet-v-profi-boem-protiv-uzbeka?utm_source=push_sportskz&utm_medium=push&utm_campaign=Push%20Sports.kz" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Sports.kz</a>-ке сілтеме жасап.</p>
BoxRec.com ақпараты бойынша жекпе-жек 22 тамызда Серік Сәпиев атындағы Қарағанды бокс орталығында бокс кеші аясында өткізіледі.
Қайраттың қарсыласы Өзбекстан өкілі Бахыт Абдурахимов болмақ. Екінші жеңіл салмақтағы кездесу төрт раундқа есептелген.
Айта кетсек, ӘЧ-2017 «алтыннан» басқа Ералиевтің қызметтік тізімінде 2013 жылғы әлем чемпионатының, 2015 және 2017 жылғы Азия чемпионаттарының, сондай-ақ 2014 жылғы Азия ойындарының қола медальдары бар.