Коронавирус
1 мин оқу 1,670

Салғырттық сан соқтырып жүрмесін

<p class="2018-" style="text-align: justify;"><span style="letter-spacing: .2pt;">Берекетімізді қашырған бәлекет індет барған сайын үрейімізді ұшырып, үдеп барады. Алқымнан алатын адуыны қатты ауру айналамыздағы талай жақсы мен жайсаңнан айырып жатыр. Кеше ғана есен-сау, елге ес болып жүрген тұлғаларымыздың кенеттен кесапат кеселдің кесірінен қайтыс болғанын естіген жұрт әжептәуір есеңгіреп қалды. Жалпы, елімізде күн сайын жүзден аса адамнан көз жазып қалып жатырмыз.</span></p>

Салғырттық  сан соқтырып жүрмесін

Күні кеше коронавирус­тан 118 азаматымыз қайтыс бо­лып, қаншама отбасы аза тұт­ты. Оның алдында ғана 123 адам бақилық болған. Ал 13 та­­мыз­да 152 адамның жаны үзі­­ліп, бұған дейін болмаған, бір күн­де індеттен көз жұмған ең сорақы көрсеткіш тіркелді. Осы­лайша, бұл қатер онсыз да аз-ақ қа­зақтың қатарын кемітіп, «жаны­мыздың жапырақтарын біл­діртпей жұлып жатыр». Со­ны байқап-білсек, сезінсек, опы­нып-өкініп бармақ тістесек, осы­лай әлі де бейқам, селқос жү­рер ме едік?! Әй қайдам, бұл нем­құ­райлығымызбен қауіпті дерт­ке қарсы қылар қайран болмас.

Өкінішке қарай, осы ауру­дан тапқан азабымыз, қаза­мыз азаймай тұрса да, індеттің тара­луын күшейтетін той-тома­лақтар тыйылар емес. Тойды доғаруға, тәртіп сақтауға, вак­цина салдыруға деген салғырт­тық науқастардың да, марқұм­дар­дың да санын арттырып жа­тыр.

Жалпы, бүгінгі таңда елі­мізде 120 488 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олар­дың ішінде 30 996 пациент ста­ционарда, 89 492 науқас амбула­тор­лық деңгейде ем қабыл­дау­да. Сондай-ақ індет­ке шалдық­қан­дар­дың арасында 910 адамның жағдайы ауыр, 529 пациенттің жағдайы өте ауыр, 251 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Бөлісу:
Салғырттық сан соқтырып жүрмесін · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар