Аймақтар
1 мин оқу 370

Топардағы тағылымды іс

<p style="text-align: justify;">Абай ауданының Топар кентіндегі Шерубай батырға қойылған ескерткіш белгі көп жылдар бойы күтім көрмей, тоза бастаған-тұғын. Таяуда жергілікті &laquo;Жастар Альянсы&raquo; қоғамдық бірлестігінің еріктілері мен Абай атындағы орта мектептің педагогтері бұл кемшілікті жою бойынша акция ұйымдастырды.</p>

Топардағы тағылымды іс

 Шерубай Биболдыұлы – қалмаққа қар­сы соғыстарда ерлігімен көзге түс­кен батыр. Оның туып-өскен мекені осы Топар кентінің маңы. Қарағанды облысындағы Шет және Бұқар жырау аудандарының аумағымен ағып өтетін Шерубай-Нұра өзені батырдың атымен аталады. Бұдан бөлек осы өзеннің жағасында батыр есімімен аталатын Шерубай-Нұра стансасы бар. Игі істің бастамашысы, «Жастар Альян­­сы» ҚБ басшысы Темірлан Кәкенов ес­­керт­кіш белгіні қалпына келтіру жұ­­мы­­­сы­на 15 адамның қатысқанын айтады.

– Ұзақ жылдар күтім болмағаннан кейін, ескерткіш белгі өте нашар күй­ге түскен екен. Арқаның қытымыр кли­маты да оның бұзыла бастауына зиянын тигізсе керек. Осы акция аясында біз өте тағылымды шаруа бітірдік деп мақтанышпен айта аламыз, – дейді ол.

Еріктілер мен педагогтер ескерткіш белгінің шынжыр қоршауын, қалқан мен найзаны сырлап, оның тұғырын да нығайтты. Сонымен қатар маңайын күл-қоқыстан тазартты.

Қарағанды облысы,

Абай ауданы

Бөлісу:
Топардағы тағылымды іс · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар