Экономика
1 мин оқу 240

Қазақстанда доллар бағамы тағы да көтерілді

<p style="text-align: justify;">Доллардың теңгеге қатысты&nbsp;бағамы тағы да көтерілді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a href="https://kase.kz/ru/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">KASE</a> Қазақстан қор биржасының мәліметтеріне сілтеме жасап.</p>

Таңғы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,63 теңгеге артып, 425,67 теңгені құрады.

Kurs.kz деректеріне сәйкес, қазіргі таңда Алматының айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың орташа курсы 425,47 теңге, ал сатылымы - 426,94 теңге. Елордада америкалық валютаны орта есеппен 424,97 теңгеден сатып алып, 426,08 теңгеден сатады.

Ұлттық банктің 18 тамыздағы ресми доллар бағамы 425,00 теңгені құрайды.

Бөлісу:
Қазақстанда доллар бағамы тағы да көтерілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар