БҰҰ тәліптерді уәдесінде тұруға шақырды
<p style="text-align: justify;">БҰҰ «Талибан» қозғалысы өкілдерін ауғандарға берген уәдесін орындауға және олардың құқығын бұзбауға шақырды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
БҰҰ тәліптерді уәдесіне емес, «әрекетіне» қарай бағалайтынын айтты. БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары кеңсесінің өкілі Руперт Колвилл соңғы бірнеше күнде «Талибан» шенеуніктері бірнеше мәлімдеме жасағанын айтты. Олар бұрынғы үкіметте жұмыс істегендердің бәріне рақымшылық жасауға уәде берді, сондай-ақ халықты әйелдер жұмыс істей алатынына, қыздар мектепке баратынына сендірді.
«Бұл уәделер орындалуы керек. Бүгінде бұрын болған жағдайды ескерсек, бұл мәлімдемелерге күдік туады. Соған қарамастан, уәде берілді және олардың орындалуы қатаң бақылауда болады», деді ол.