Коронавирус
1 мин оқу 230
Атырауда вакцинаның ІІ компонентін салдырғандар 122 мыңнан асты
<p style="text-align: justify;">Мұнайлы өңірде вакцина салдыру көрсеткіші әлі төмен. Мәселен, 17 тамызда вакциналардың ІІ компонентін салдырғандар саны 122 222 адамға жеткен, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі ақпаратына қарағанда, 17 тамызда 3 776 адам коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырған.
«Оның ішінде вакцинаның І компонентін 2 205 атыраулық, ал, ІІ компонентін 1 571 адам салдырды. Биылғы 1 ақпаннан бері вакциналардың І компонентін салдырғандардың саны 168 474 адамға жетті. Вакциналардың ІІ компонентін алғандар 122 222 адамды құрап отыр», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Бөлісу: