Аймақтар
1 мин оқу 220

Ақтауда тағы бір жылжымалы егу пункті ашылды

<p style="text-align: justify;">Соңғы кезде қала тұрғындары екпе алуда белсенді. Әсіресе демалыс күндері емдеу мекемелеріне тұрғындар көптеп келеді. Мәселені шешу үшін Қарақия ауданынан жылжымалы медициналық бекет жеткізілді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;&laquo;<a href="https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/493403-a-tau-a-ta-y-bir-zhylzhymaly-egu-kesheni-kelindi" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Хабар 24-ке</a>&raquo; сілтеме жасап.</p>

Ақтауда тағы бір жылжымалы егу пункті ашылды

Қазір ол 7-шағын аудандағы №1 емхананың ауласында тұр. Мұнда коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Күніне кемі 300-400 адам вакцина салдырады.

«Екпе алатын адам көбеюіне байланысты денсаулық сақтау басқармасымен шешім қабылданды. Қарақия аудандық ауруханасынан жылжымалы медициналық пункт жіберілді. Жұмыс кестесі бойынша таңғы 8-ден кешкі 8-ге дейін жұмыс істейді. Демалыссыз. Жексенбі, сенбі күндері де жұмыс істейді», деді қалалық №1 емхана директорының міндетін атқарушы Азамат Үсенов.



Бөлісу:
Ақтауда тағы бір жылжымалы егу пункті ашылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар