Ақмола облысында 4 мектеп жабылды
<p style="text-align: justify;">Биылғы жылдың жазғы кезеңінде оқушылардың жоқтығынан немесе санының аздығынан 4 бастауыш мектеп жабылды. Бұл туралы брифингте Ақмола облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Гамазов, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://www.inform.kz/kz/akmola-oblysynda-okushy-sany-az-4-mektep-zhabyldy_a3825483" target="_blank" rel="noopener noreferrer">ҚазАқпаратқа </a>сілтеме жасап.</p>

Жабылған мектептердің қатарында Бұланды ауданының Ұлтуған және Елтай ауылдарындағы бастауыш мектептер, Бурабай ауданының Шиелі ауылындағы бастауыш мектеп, Шортанды ауданының Новопервомайка ауылындағы бастауыш мектеп бар.
«Ұйымдарды жою тәртібі бойынша барлық іс-шаралар белгіленген тәртіппен өткізілді, оқушылар тасымалдауды ұйымдастырумен жақын маңдағы мектептерге бөлінді. Шектеу шаралары жағдайында оқу-тәрбие процесінің тиімділігін арттыру бойынша жұмыс жалғасуда», деді Валерий Гамазов.
Валерий Гамазовтың айтуынша, биылғы жылдың 26-мамыры мен 19-маусымы аралығында оқушылардың білім алудағы олқылықтардың орнын толтыру үшін барлық тілек білдірген оқушыларға жазғы мектеп ұйымдастырылды.
Сонымен бірге 16-27 тамыз аралығында ата-аналардың немесе заңды өкілдердің өтініші бойынша облыста оқыту сапасын арттыру мақсатында 10640 (8,2%) оқушы үшін 206 мектепте жазғы мектептің жұмысы жалғастырылды.