Оқиға
1 мин оқу 255

Павлодарда әйелін өртеп жіберген тұрғын қамауға алынды

<p style="text-align: justify;">Павлодарда әйелін өртеп жіберген ауыл тұрғыны қамауға алынды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

8 тамыз күні сағат 02:00 шамасында Розовка ауылындағы ерлі-зайыптылар арасында жанжал шыққан. Күйеуі мас күйінде көлігімен кетуге тырысқанда әйелі оны тоқтатпақ болған. Жанжал барысында күйеуі тоңазытқыштан спирт алып жұбайына құйып, от жағып жіберген.

Жәбірленгеніне қарамастан, әйел күйеуінің үстінен арыз жазудан бас тартқан. Алайда, құқық қорғау органдары арнайы бап бойынша (денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіргені үшін) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

17 тамызда денесінің басым бөлігі күйген әйел ауруханада көз жұмды. Олардың ортақ үш баласы бар. Қазір олар атасы мен әжесінің қолында.

Бұл жағдайға қатысты сотқа дейінгі тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігіне сәйкес қайта сараланып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бөлісу:
Павлодарда әйелін өртеп жіберген тұрғын қамауға алынды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар