Тағайындау
1 мин оқу 730

Қосшы қаласында алғашқы прокурор тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен Жүсіп Ерболат Қосшы қаласының прокуроры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Жүсіп Ерболат Еркінұлы 1979 жылы дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Прокуратура органдарындағы қызметін 2001 жылы бастаған.

Қызмет жолында Батыс аймақтық көлік прокуратурасының бөлім бастығы, Ақмола облысы прокуратурасының, Бас көлік прокуратурасының Басқарма бастығы, СҚО Уәлиханов ауданының прокуроры, Ақмола облысы прокуратурасының Басқарма бастығы – Аппарат басшысы қызметтерін атқарған.

Сыныптық шені – әділет кеңесшісі.

Еске салсақ, 27 шілдедегі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы Жарлығына сәйкес Қосшы ауылы облыстық мәртебесі бар қалаға айналды.

Бөлісу:
Қосшы қаласында алғашқы прокурор тағайындалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар