Елорда
1 мин оқу 360

Елордада жаңа қалалық бағдар іске қосылады

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласында &laquo;Орда базар&raquo; базары - &laquo;Үркер&raquo; бағытындағы жаңа қалалық бағдар іске қосылады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қала әкімдігінің тапсырмасы мен «Үркер» тұрғын алабы тұрғындарының өтініші бойынша 19 тамыздан бастап «Орда базар» базары - «Үркер» қатынасымен №45 жаңа қалалық маршрут іске қосылады», деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметі.

Бағыттың қозғалыс сызбасы Алаш тас жолы арқылы өтеді: («Орда базар» базары) – Бөгенбай батыр даңғылы – Республика даңғылы – Қабанбай батыр даңғылы – Сарайшық көшесі – Мұхамедханов көшесі – Ш.Айтматов көшесі – Қорғалжын тас жолы – ары қарай «Үркер».

Атап өтілгендей, автобустарды нақты уақыт режимінде бақылау 2GIS қосымшасында да қолжетімді.

«Қоғамдық көліктерде бетпеде кию режимін сақтауды еске саламыз. Жол жүру төлемі қолма-қол ақшасыз, тек көлік картасымен немесе QR-кодты сканерлеумен жүргізіледі», депінген хабарламада.

Бөлісу:
Елордада жаңа қалалық бағдар іске қосылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар