Үкімет
2 мин оқу 190

Асқар Мамин РФ Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті

<p style="text-align: justify;">ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстанға жұмыс сапарымен келген РФ Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен келіссөз жүргізді. Кездесу &laquo;Астана&raquo; халықаралық қаржы орталығының алаңында өтті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Келіссөз барысында қос тарап сауда-экономика, өнеркәсіптік кооперация, көлік-логистика, энергетика және басқа да салалардағы ынтымақтастықты одан әрі арттыру мәселелерін талқылады.

Осы жылы елдер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық серпіні біртіндеп қалпына келтірілуде. Биылғы қаңтар-маусым айларында екіжақты тауар айналымы $10,7 млрд құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 27%-ға жоғары. Қазіргі динамика сақталған жағдайда, екі ел арасындағы сауда көлемі биыл $23 млрд-тан асады деп күтілуде.

Қазақстанда Ресейдің қатысуымен 7791 кәсіпорын және 3325 Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорындары жұмыс істейді. Ресейлік компаниялар ҚР экономикасына салынған қаражат көлемі бойынша басты инвесторлардың бестігіне кіреді. Соңғы 10 жылда Ресей Қазақстанға шамамен $12,6 млрд инвестиция салды. Ресейлік компаниялардың инвестициялық портфелі әрбір салада кездеседі. Жалпы сомасы $5,3 млрд құрайтын, өнеркәсіптік кооперация, сауда, құрылыс индустриясы, фармацевтика, мұнай-химия және жеңіл өнеркәсіп салаларындағы 30 бірлескен ірі жоба іске асыру және пысықтау сатысында тұр.

м

Ағымдағы жылдың 6 айында Қазақстан мен Ресей арқылы Орталық Азия, Еуропа, Қиыр шығыс бағыттарында барлығы 406,5 мың ЖФЭ тасымалданды, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіндегіден 48%-ға артық. Қазақстан аумағы арқылы контейнерлік тасымалдар көлемі 326,2 мың ЖФЭ (+58%) құрады.

Келіссөз қорытындысы бойынша екі елдің үкімет басшыларының қатысуымен келесі құжаттарға қол қойылды:

  • Шығыс Тарутин (Қазақстан Республикасы), Тарутин (Ресей Федерациясы) кен орындарында мыс (мыс-алтын) кендерін өндіру кезінде шекара маңындағы аумақта шаруашылық қызметті жүзеге асыру ерекшеліктері туралы үкіметаралық келісім;
  • АХФО мен Татарстан Республикасы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспары;
  • ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі, АХҚО, «Сколково» Мәскеу басқару мектебі арасындағы тұрақты даму стратегиялары жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандум;
  • «Башқұрт сода компаниясы» АҚ мен «Каустик» АҚ арасындағы ынтымақтастық туралы бас келісім; қағазсыз технология бойынша «РТЖ» ААҚ және «ҚТЖ» ҰК» АҚ/ «ҚТЖ-ЖТ» ЖШС қатысуымен жүктер мен вагондарды тасымалдауға көшуді жандандыру жөніндегі жол картасы;
  • «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «РТЖ» ААҚ арасындағы темір жол көлігімен агроөнеркәсіптік өнімдерді тасымалдауды ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум.

м

ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустин Қазақстан Үкіметінің Цифрлық кеңсесінің жұмысымен, халық пен кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қызметтерді цифрландыру саласында іске асырылып жатқан жобалармен, сондай-ақ АХҚО қызметімен танысты.

Бөлісу:
Асқар Мамин РФ Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар