Экология
1 мин оқу 420

Осы күзде 48,2 млн түп ағаш отырғызылады

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Экология министрлігі қолға ал&shy;ған көгалдандыру жобасы аясында 5 жылда 2 млрд ағаш отыр&shy;ғызу жоспарланған. Жоба бас&shy;талғалы бері 81,5 млн ағаш егі&shy;ліпті. Осы күзде тағы 48,2 млн ағаш отырғызылмақ.</p>

Осы күзде 48,2 млн түп ағаш отырғызылады

Жобаны жүзеге асыру үшін бар­лық облыстар және министрлікке қарасты мекемелерде орман өсіру­дің 5 жылдық кешенді жоспары бекітілген. Оны әзірлеу кезінде қолданыстағы питомниктердің және көшет өсіруді жүзеге асыратын ұйымдардың мүм­кіндіктеріне талдау жасалыпты.

«Жинақталған деректер негі­зін­де ағаштар мен бұталарды отыр­ғызу кө­лемі бойынша жоспарлы көр­сет­кіш­тер әзірленді. Облыстарда отыр­ғы­зылатын көшеттер жеткіліксіз бол­са, жұмыс істеп тұрған тәлімбақ­тар­­ды кеңейту және уақытша тәлім­бақ­­тар құру көзделген. Сондай-ақ орман да­­қылдарының тұқымын жинау көрсет­кіштері ескерілді», деп хабарлады министрлік.

Бүгінгі таңда Қазақстанда орман дақылдарының көшеттерін көбейту мен өсіруді жүзеге асыратын 44 тұ­рақты және 158 уақытша тұқымбақ пен ұйым жұмыс істейді. Қазіргі уақытта қарағай, шырша, балқарағай, қайың, шегіршін, сексеуіл, үйеңкі, шаған, емен және басқа да ағаш түрлері­нің 1-3 жастағы көшеттері бар. Жалпы мөлшері – 165,5 млн түп. Бұл ретте өзге елдерден көшеттер сатып алу қа­растырылмаған.

Жоба бойынша шамамен 610 мың түп сексеуіл, 555 мыңнан аса қарағай, 193 мыңнан аса үйеңкі, 132 мың ше­гіршін, 100 мыңнан аса қайың және бас­қа да тұқымдар отырғызу жос­пар­ланған.

«Егемен-ақпарат»

Бөлісу: