Аймақтар
1 мин оқу 610
Батыс Қазақстандағы тағы бір орманда өрт шықты
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Батыс Қазақстан облысында тағы бір орман өрті тіркелді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</span></p>
17 тамыз күні сағат 13.52-де Оралға қарасты Меловые горки кенті аумағында 10 гектар жердің құрғақ шөбі мен 10 гектар орман отқа оранды. Жалын аумағы 20 шаршы метр саяжай үйін шарпыды.
Өрт сөндіруге ТЖ департаментінің 51 қызметкері мен 8 техникасы, орман шаруашылығы мекемесінен 15 адам, 2 техника және «Жайық таза қала» ЖШС-нен 2 адам, 2 техника жұмылдырылды. Жалын 18 тамыз күні жергілікті сағат 21.26-да ауыздықталды.
Бөлісу: