Аймақтар
1 мин оқу 780

Шымкентте жыл соңына дейін 104 көше жарықтандырылады

<p style="text-align: justify;">Шымкент қаласының көшелерін түнгі жарықшамдармен қамтамасыз ету мақсатында &laquo;Шымкент қаласының жарықтандырудың құрылысын салу, қайта құру және пайдалану&raquo; жобасы іске асырылып жатыр. Бұл кешкі мезгілде қала қауіпсіздігі мен көркіне оң септігін тигізбек, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бүгінгі таңда мегаполистегі орталық маңызы бар 747 көшенің 228-і жарықтандырылған. Яғни, қамтылу көрсеткіші 43,4 пайызды құрап отыр.

Бұл көрсеткішті арттыру үшін биыл мамыр айынан бастап мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жұмыстар қолға алынған болатын. Бүгінгі күнге дейін мердігер мекеме «ABM Building» ЖШС тарапынан 51 көшеге жарықшам орнатылды.

Нақтырақ айтсақ, Абай ауданында – 24 көше, Әл-Фараби ауданында – 6 көше, Еңбекші ауданында – 4 көше, Қаратау ауданында – 19 көше жарықтандырылды.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында (ГЧП) 2021–2023 жылдары 312 көше жарықтандырылады деп жоспарлануда.

Жоспар бойынша 2021 жылдың соңына дейін мегаполистегі 104 көше жарықтандырылатын болады. Атап айтқанда, Абай ауданы – 30, Әл-Фараби – 21, Еңбекші ауданы – 22, Қаратау ауданында 31 көше белгіленді.

Ал, 2022 жылы - 102 көше, 2023ж - 106 көше жарықтандырылып, нәтижесінде жарықтандыру көрсеткіші 70 %-ға жететін болады.

Егер, көше бойындағы жарық бағаналарының істен шыққанын, жанбай тұрғанын көрсеңіз «Айкөмек» орталығының 109 нөміріне хабарласыңыз.

Бөлісу:
Шымкентте жыл соңына дейін 104 көше жарықтандырылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар