Аймақтар
1 мин оқу 690

Атырауда 14 мыңнан астам бала 1-сыныпқа барады

<p style="text-align: justify;">Атырау облысында алғаш рет мектеп табалдырығын аттайтын балалардың саны анықталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атырауда 14 мыңнан астам бала 1-сыныпқа барады

Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл Дүйсекенованың мәліметінше, бірінші сыныпқа баратын 14 241 баланың құжаты қабылданған.

«Биыл 1-сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау жаңа форматта – электронды үкіметтің сайты арқылы ұйымдастырылды. Құжаттардың 98%-ы электронды, ал, 2%-ы қағаз түрінде қабылданды. Өйткені, ата-аналардың немесе балалардың құжаттарында қателіктер анықталды. Облыста 14 241 бала 1-сыныпқа қабылданды. Мектеп табалдырығын алғаш рет аттайтын оқушылар үшін 1 қыркүйекте ашық ауада санитариялық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес салтанатты жиын болады. Баланың қасында ата-анасының тек біреуі ғана жүре алады. Отбасының басқа мүшелері қатыса алмайды», дейді Айнагүл Дүйсекенова.

Бөлісу: