Жаңалықтар
2 мин оқу 330

Оңтүстікте қаржы полицейі пара алудан бас тартты

21 01-ShimkentОңтүстік Қазақстан облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкері 1 млн. теңге көлеміндегі параны алудан бас тартты. Бұл туралы Ras.kz  хабарлады.

«Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпкер өзіне қарсы қозғалған қылмыстық істің тоқтатылуы үшін қаржы полициясының қызметкеріне 1 млн. теңге көлемінде пара ұсынған. Бизнесмен осы ақшаны беру кезінде айғақты заттарымен ұсталды», – делінген хабарламада.

Облыстық қаржы полициясы департаменті баспасөз қызметінің дерегіне жүгінсек, «Ақ Мереке» ЖШС-ның бұрынғы директоры департамент қызметкеріне пара беруге әрекеттенгені үшін ұсталған екен. Артынан оның ЖШС лауазымды тұлғасына қатысты қылмыстық істің тоқтатылуы үшін бір миллион теңге көлемінде пара ұсынғаны мәлім болды. Осы оқиғаға байланысты экс-директордың үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Әмірхан Алмағанбетов.

Дереккөз: Ras.kz

Фото: Sled. net.ua

Бөлісу:
Оңтүстікте қаржы полицейі пара алудан бас тартты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар