Елорда
1 мин оқу 530

Елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

<p style="text-align: justify;">Алдағы сенбі-жексенбі күндері елордада Түркістан облысының тауар өндірушілері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Аймақтан 500 тонна өнім тиелген жүк көліктері жолға шықты. Жәрмеңкеге Түркістан өңірінің 50-ге жуық тауар өндірушісі қатысады. Бас қала тұрғындарына олар ет және сүт өнімдерін, көкөніс, бақша дақылдарын, жеміс-жидек, сондай-ақ бал ұсынады.

Жәрмеңкеде тауарлар нарықтан 15-20% арзан бағада сатылады.

«Жәрмеңке 21-22 тамыз күндері Нұр-Сұлтан қаласы Хан шатыр аумағындағы автотұрақ аумағында өтетін болады. Жалпы жәрмеңкеге Түркістан облысының 16 ауданынан 34 түрлі өнім жіберіліп отыр. Көкөніс, картоп, бақша дақылдарымен біз өзімізді 100% қамтамасыз етеміз. Артығы республиканың өзге өңірлеріне, сонымен қатар Ресей, Беларусь елдеріне экспортталып жатыр», деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Нұрбол Бекмұратов.

Бөлісу:
Елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар