Қазақстан
1 мин оқу 306

Қазақстанда Илон Масктың муралы пайда болды

<p style="text-align: justify;">Қарағанды ​​құю-машина жасау зауытының қабырғасында Қаныш Сәтбаев пен Илон Масктың портреті пайда болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Екеуінің ортасында қандай байланыс болуы мүмкін?  Қазақстақ металлургиясының әкесі Қаныш Сәтбаев - зауыттың тарихын, ал Илон Маск зауыттың болашағын бейнелейді», деп түсіндірді металл конструкциялары өндірісінің басшысы Ұлан Абеков.

«Мой город» порталының жазуынша, сурет «поп-арт» техникасымен салынған. Авторы - суретші Шыңғыс Қасымов. Екі қабырғаны безендіруге екі апта уақыт кетті.

Бөлісу:
Қазақстанда Илон Масктың муралы пайда болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар