Аймақтар
1 мин оқу 384

«Алатау Жарық Компаниясына» айыппұл салынды

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">&laquo;Алатау Жарық Компаниясы&raquo; АҚ-на 4,6 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Комитетке қарасты Алматы қаласы бойынша департаментінің мәліметінше, «Gorsvetgroup» ЖШС-ның өтініші бойынша «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-на қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілген.

Тексеріс нәтижесі бойынша «Табиғи монополиялар туралы» Заңның 26-бабы 2-тармағы 8 тармақшасы бұзылғаны анықталды.

Атап айтқанда, «Алатау Жарық Компаниясы» үлгілік шарттарға сәйкес реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі үшін тұтынушылармен жеке шарттар жасаспаған.

Осыған байланысты, ТМРБД-ның қаулысымен «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-на «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 164-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартып, 4 млн 667 мың 200 теңгеге айыппұл салды.

Айта кетерлігі, департамент қаулысына қатысты Алматы қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша Мамандандырылған ауданаралық сотына шағым түскен, алайда департамент қаулысы күшінде қалды.

Бөлісу:
«Алатау Жарық Компаниясына» айыппұл салынды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар