Атырау облысында бір күнде коронавирустан 8 адам қайтыс болды
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Атырау облысында бір күнде коронавирус инфекциясынан 8 адам қайтыс болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өткен тәулікте 450 адам қауіпті вирусқа шалдыққан.
Оның ішінде Атырау қаласында – 247, Теңіз кен орнында 102 науқас тіркелген. Өзге науқастар 7 ауданда анықталған.
«Өңірдегі 3 012 төсек-орынға арналған инфекциялық стационарларда 1 780 науқас емделіп жатыр. Қазір мұндағы жүктеме – 59,1 пайыз. Сондай-ақ, стационарлардың 114 орынға есептелген жансақтау бөлімінде 87 науқас оқшауланды. Оның ішінде 14 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Жансақтау бөліміндегі жүктеме 87,7 пайызды құрап отыр. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 8 науқас қайтыс болды», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.