Аймақтар
1 мин оқу 390

Шеңбердегі шарапат

<p style="text-align: justify;">Ұлытау ауданында &laquo;Халық қатысатын бюджет&raquo; атты жоба сәтті іске аса бастады. Мысалы, осы аудандағы Шеңбер ауы&shy;лын&shy;да аталған жоба аясында заманауи спорт және балалар алаңқайлары салынып, пайдалануға берілді.</p>

Шеңбердегі шарапат

Жаңа нысандардың көлемі 160 шаршы метр аумақты алып жатыр. Алаңқайлардың айналасы темір шарбақпен қоршалған. Ойын балалары құлаған жағ­дай­да жарақат алып қалмас үшін алаңқайдың табанына құм тө­­селген. Ал спорт алаңында са­ла­матты өмірді серік еткен тұр­­ғындар 25-ке тарта жаттығу құ­ра­лын пайдалана алады.

Шеңбер ауылының әкі­мі Са­ғат Сұлтанов бұл алаң­қай­лар­дың жергілікті тұрғындардың тілегі бойынша салынғанын айтады.

– Алаңқайлардың пай­да­лануға берілуі ауылдағы балалар және дене шынықтырумен айналысқысы келетін үлкендер үшін зор қуаныш болды. Қазір бала біткен ертеден кешке де­йін осы жерден шықпайды. Сала­матты өмір салтын ұстанушылар қатары да молая түсті, – дейді ауыл әкімі.

Еске салар болсақ, «Халық қа­­ты­­сатын бюджет» жобасы тұр­­ғындардың бастамасы мен ұсы­­ныстары бойынша ел­ді ме­кен­дерді дамыту және абат­­­тандыруға қызмет етеді. Тұр­ғын­дарды елді мекендерді бас­қару ісіне бел­сен­ді тартуға мүм­кіндік бере­тін бұл игі шаруа жер­гі­лікті өзін өзі басқаруды дамыту тұжы­рым­­дамасына сәй­кес жүзеге асырылады.

Қарағанды облысы

 

Бөлісу:
Шеңбердегі шарапат · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар