Аймақтар
1 мин оқу 286

Илон Маск – Қарағандыда

<p style="text-align: justify;">Кеншілер астанасында су&shy;ретші Шыңғыс Қасымов және оның командасы Қарағанды құю-машина жасау зауыты ғима&shy;ратының қабырғаларына Қаныш Сәтбаев пен Илон Маск&shy;тің порт&shy;реттерін салды.</p>

Илон Маск – Қарағандыда

Кәсіпорындағы металл құ­рыл­ғылары өндірісінің же­текшісі Ұлан Әбеков бұл муралдар­дың фило­со­фия­лық терең мәнге ие екендігін және олардың за­уыт­­тың 80 жылдық мерейтойына арналғанын атап өтті.

Оның айтуынша, қазақ ме­тал­лургиясы­ның негізін қалаушы Қаныш Сәтбаевтың жарқын бей­несі жөндеу шеберханалары­нан бастап күрделі құю және машина жасау өндірісіне дейінгі зауыттың жүріп өткен жолынан образды түрде сыр шертеді. Ал Илон Маск болса, қиял-ғажайып болашақтың символы, кәсіпорын оның соны идеялары мен игі істе­ріне қарап бағыт-бағдар алады.

– Қаныш Сәтбаев – қазақ хал­қы­ның нағыз патриоты. Ұлтын сүйген ұлы адамның муралы біз­ді рухтандырады. Әйгілі ға­лымның жүріп өткен өмір жолы біз үшін, ұрпақ үшін мәң­гі үлгі. Ал муралдың екінші ке­йіп­кері – Илон Маск армандар­ды шындыққа айналдырып, болашақты жақындата алатын сирек адамдардың қатарына жа­тады. Ол – біздің кәсіпорын ұмты­латын прогрестің тірі бейнесі, – дейді Ұлан Әбеков. Суретші Шыңғыс Қасымов пен оның командасы муралдарды екі апта уақыттың ішінде салып шықты.

ҚАРАҒАНДЫ

Бөлісу:
Илон Маск – Қарағандыда · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар