ANTIKOR
1 мин оқу 220

Ashyq жүйесін енгізу үшін кәсіпкерлерден пара алған

<p style="text-align: justify;">ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің облыстық департаменті &laquo;Кентау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы&raquo; РММ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы пара алды деп күдікке ілінді, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Ashyq жүйесін енгізу үшін кәсіпкерлерден пара алған

Бұл туралы ANTIKOR News хабарлады.

Аталған лауазымды тұлға Сovid-19 коронавирустық инфекциясының таралуын тежеу бойынша мемлекет қабылдап жатқан шараларға қарамастан, кәсіпкерлерден «Ашық» қосымшасын енгізу үшін оң санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды бергені үшін 100 мыңнан 120 мың теңгеге дейін пара алған.

Түркістан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің облыстық департаменті «Кентау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Күдікті ҚР ҚПК 128-бабына сәйкес ұсталып, Түркістан қ. ПБ УҰИ-да қамауға алынды.

Күдіктіге қатысты түпкілікті үкімді оның кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, сот шығарады.

Бөлісу:
Ashyq жүйесін енгізу үшін кәсіпкерлерден пара алған · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар