Алматыда теміржол қызметкерін атып кетті
<p style="text-align: justify;">Алматыда теміржолшыға белгісіз біреу оқ атты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://www.zakon.kz/5079763-v-almaty-strelyali-v-zheleznodorozhnika.html" target="_blank" rel="noopener noreferrer">zakon.kz</a>-ке сілтеме жасап.</p>
Көліктегі ПД хабарлағандай, 34 жастағы Алматы тұрғыны теміржол кәсіпорнының қызметкерін өлтіруге оқталған.
«26 шілдеде Алматы-1 станциясындағы ЛУП кезекші бөліміне көліктегі ЖКО белгісіз адам азаматты өлтіруге оқталғаны туралы хабарлама келіп түсті. Атыс нәтижесінде Н. есімді ер адам дене жарақатын алды. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталып, ұсталды. Күдіктіден «Наган» жүйесінің револьвері тәркіленді», деді полиция генерал-майоры.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.