Аймақтар
1 мин оқу 532

Шымкент мектебінде банан гүлдеді

<p style="text-align: justify;">Шымкент қаласындағы №89 ІТ мектеп &ndash; лицейінде цитрустық банан гүлдеп, жеміс беріп тұр. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Білім ордасында 2019 жылы үш пирамидалы «FLORA&FAUNA» жаратылыстану пәндері лабораториясы ашылып, қыркүйек айында балалар 2 дана банан өсімдігін отырғызған болатын.

Оқушылар мен жаратылыстану бағытындағы мұғалімдердің банан өсімдігін бейімдеу және өсіріп-баптау бойынша жүргізген ғылыми жобалары бүгінде жемісін берді.

Бұдан бөлек, ғылыми жұмыс барысында 10 түрлі цитрустық өсімдік егілген. Қазір лимоннан 60 түп көшет салып тұр. 7 түп банан, 8 түп мандарин, 9 түп анар, 4 түп киви, 4 түп ананас, 15 түп құрма, 80 түп бадам отырғызған.

3

Бөлісу:
Шымкент мектебінде банан гүлдеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар