Экология
1 мин оқу 640

Апаттық жағдайдағы 6 мұнай ұңғымасын жою қажет

<p style="text-align: justify;">Бұл туралы орталық коммункациялар қызметінде өтіп жатқан брифингіде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серікқали Брекешев айтты, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

С.Брекешевтің айтуынша, 2010-2021 жылдар аралығында апаттық жағдайдағы мұнай ұңғымаларын жою үшін ел аумағында зерттеу жүргізілген. Нәтижесінде 132 апаттық мұнай ұңғымасы анықталып, 126-сы мемлекеттік бюджет есебінен жойылды.

«Тағы 6 ұңғыманы жою қажет. Ақтөбе облысында – 3, Атырау обылсында – 1, Маңғыстау облысында 2 апаттық жағдайдағы ұңғыма бар. Оларды жою 2023 жылы басталады», деді Серікқали Брекешев.

Бөлісу:
Апаттық жағдайдағы 6 мұнай ұңғымасын жою қажет · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар