Қазақстан
1 мин оқу 654
Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?
<p style="text-align: justify;">Қазгидромет 21-23 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Бұрынғыша ауқымды антициклон, Қазақстан аумағының басым бөлігінің ауа райына әсерін сақтап қалады», деп жазады Қазгидромет.
Негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек солтүстік-шығыс пен батыста, фронтальдік бөліктердің өтуімен өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік өңірлерде шаңды дауылмен жел күшейеді.
Температура күндіз солтүстікте, орталықта — 23-35, оңтүстік және оңтүстік-шығыста — 28-39, шығыста — 17-28 градус жылы болады. Елдің батысында, әлі де ыстық ауа райы сақталады. Ауа температурасы 33-41 градус аралығында болады.
Бөлісу: