Аймақтар
1 мин оқу 222

Жамбыл облысында карантин шектеулері өзгерді

<p style="text-align: justify;">Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары 2021 жылғы 20 тамыздағы&nbsp; қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жамбыл облысы nамыз айының 18 күнінде коронавирустық инфекция аурушаңдығының шілде айымен салыстырғанда 10%-ға, инфекциялық төсек-орындармен  толтырылу көрсеткіші - 60%, инфекцияның репродуктивтік мәні (R)-1,13 өсуіне байланысты «қызыл» аймақта.

Ашық аттракциондар жексенбіден басқа күндері жұмыс уақытысын шектей отырып, сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істейді. 

«Қызыл» аймақтағы «Ashyq көшбасшылары» мәртебесін алғандар «сары» аймақтың талаптары бойынша жұмыс істейді.

Тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды, соңғы 3 ай ішінде ауырып сауыққан адамдарды қоспағанда, жұмыскерлердің (персоналдың) кемінде 90%-ы бірінші компонентпен вакцинациялау кезінде, объектінің толтырылуы 20%-ға артады.

Басқа да мекемелерге қойылған талаптармен Қаулыда танысуға болады.

Бөлісу:
Жамбыл облысында карантин шектеулері өзгерді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар