Медицина
1 мин оқу 290

Науқастар ауруханаға тек алдын ала жазылу арқылы бара алады

<p style="text-align: justify;">Ақтөбе облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Нұрсұлу Беркімбаева жаңа карантиндік жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысына және меншік нысанына қарамастан денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларына:

1) COVID-19 күдігі бар адамдарды уақытылы анықтау және оқшаулау үшін барлық денсаулық сақтау объектілерінде сүзгілердің, пациенттердің бүкіл ағынының дене температурасын өлшеуге арналған тепловизорлары бар шлюздердің тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз етуді;

2) бейінді мамандардың науқастарды қабылдау кезінде кезектердің туындауына жол бермеу,  екпе алу, клиникалық-диагностикалық зерттеулерден өту үшін (шұғыл жағдайлардан басқа пациенттерді алдын ала жазылу бойынша қабылдау), медициналық ұйым басшысының бұйрығымен медициналық ұйымның әрбір қабатында профилактикалық іс - шараларды бақылау және қамтамасыз ету үшін жауапты қызметкерді айқындау, персонал мен пациенттердің лас аймақтан таза аймаққа ауысуын болдырмау;

3) пациенттердің күнделікті ағынын хирургиялық және терапиялық бейіні бойынша бөлек бөлу, стационарлардың аймақтарға бөлінуі мен жұмыс режимін қатаң сақтау, медицина қызметкерлерінің инфекциялық қауіпсіздігін сақтау;

4) меншік түріне қарамастан стационарларда карантинді сақтауды жалғастыру тапсырылды.

Бөлісу:
Науқастар ауруханаға тек алдын ала жазылу арқылы бара алады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар