Жаңалықтар
1 мин оқу 171

Хроника

Мемлекет басшысының Жарлық­тарымен:

Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметінен;

Ғалым Ізбасарұлы Оразбақов Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметінен босатылды.

* * *

Мемлекет басшысының Жар­лығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Кәрім Қажымқанұлы Мәсімовке Қазақстан Республикасы Мем­ле­кет­тік хатшысы міндетін уақытша атқару жүктелді.

Бөлісу:
Хроника · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар