Аймақтар
1 мин оқу 540

624 рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталды

<p style="text-align: justify;"><span style="font-size: 14.0pt; font-family: 'Times New Roman','serif';">Ақмола облысында 624 рұқсат етілмеген қоқыс тастау орны анықталды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Қазіргі уақытта облыс аумағында қатты тұрмыстық қалдықтардың (ҚТҚ) 130 орны, оның ішінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес келетін рұқсат ету құжаттары бар 24 полигон тіркелген.

10 ауданда бірде-бір заңдастырылған полигон жоқ. Бұл рұқсат етілмеген қоқыс орындарының қалыптасуына әкеп соғады.

2021 жылы жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша ғарыштан түсірілген суреттер негізінде Ақмола облысында 624 рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталды. Оның ішінде 364-і  жойылды, бұл пайыздық көрсеткішпен есептегенде - 58%.

Бұдан бөлек облыста өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу жөніндегі инфрақұрылым нашар дамыған.

Бұл өңірдегі қатты тұрмыстық қалдықтарды жекелеп жинаумен айналысатын 4 кәсіпорын бар. Ақмола облысы бойынша 2020 жылы ҚТҚ қалыптасу көлемі 243 мың тоннаны құрады, 2021 жылдың 6 айында 124 тың тоннасы жиналды. Бұл ретте қайта өңдеу үлесі бар болғаны 3%-ды құрайды.

Бөлісу:
624 рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар