Оқиға
1 мин оқу 190
ШҚО-да орманда қалған жолаушылар құтқарылды
<p style="text-align: justify;">Бородулиха ауданында көліктері бұзылып орманда қалған 4 адам құтқарушылардың көмегіне жүгінуге мәжбүр болған, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің ресми сайтына сілтеме жасап.</p>

ТЖД мәліметіне қарағанда, 20 тамыз күні 4 адам, оның ішінде 1 бала жеңіл көлікпен Новошульба орманшылығы аумағында келе жатқан. Кенет көліктері бұзылып, олар жолда қалыпты. Азаматтар құтқарушылардың көмегіне жүгінуге мәжбүр болған.
«Оқиға орнына №21 өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері дереу келіп, жолаушыларды Жаңа Шүлбі ауылына дейін жеткізіп тастаған. Зардап шеккен ешкім жоқ», делінген хабарламада.
Бөлісу: