Байқоңырдан One Web спутниктері бар зымыран ұшырылды
<p style="text-align: justify;">Ресейлік «Союз-2.1б» зымыран-тасығышы мен «Фрегат» үдеткіш блогының көмегімен Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған OneWeb байланыс жүйесінің барлық 34 Британдық ғарыш аппараты мақсатты орбитаға сәтті шығарылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://ria.ru/20210822/soyuz-1746719615.html" target="_blank" rel="noopener noreferrer">РИА Новостиге</a> сілтеме жасап.</p>
Зымыран Байқоңыр ғарыш айлағынан Мәскеу уақытымен 1.13-те үшінші реттен ұшырылды. 19 тамызда бірінші рет ресейлік ұшыру кешенінің жабдықтарының істен шығуына байланысты, ал екінші рет - 20 тамызда OneWeb спутниктерді жерүсті басқару кешенінің бағдарламалық жасақтамасындағы ақауларға байланысты ұшыру кейінге қалдырылды.
Ағымдағы жылдың соңында OneWeb коммерциялық спутниктік байланыс қызметтерін ұсынуды бастайды, ал 2022 жылдың маусымына дейін жер бетінің толық қамтылуына байланысты бүкіл әлемдегі пайдаланушылар үшін кең жолақты ғаламторға қол жеткізуге мүмкіндік беретін 648 бірінші буын спутниктерін топтастыруды жоспарлап отыр.