Мемлекет басшысы Алматы облысына келді
<p style="text-align: justify;">Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы облысына келді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли <a href="https://www.facebook.com/profile.php?id=100003403233694" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Facebook</a>-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Алматы облысына сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев «Қайсар-2021» жедел-тактикалық оқу-жаттығуын тамашалайды. Сонымен қатар, Президент медициналық бұйымдар мен дәрі-дәрмектер, азық-түлік және майлау материалдарын шығаратын бірқатар өндірістік кәсіпорындардың қызметімен танысады. Ертең, 23 тамызда Мемлекет басшысы Алматыдағы жұмыс резиденциясында бірқатар іс-шаралар өткізеді, оның ішінде бейнеконференцбайланыс режимінде ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысады», деп хабарлады Берік Уәли.