Әлем
1 мин оқу 321

АҚШ-тағы су тасқынынан он адам қаза тапты

<p style="text-align: justify;">АҚШ-тың Теннесси штатындағы Хамфри округіндегі су тасқынынан кем дегенде 10 адам қаза тауып, 40 адам хабар-ошарсыз кетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a href="https://www.nytimes.com/2021/08/21/us/tennessee-flash-floods.html" target="_blank" rel="noopener noreferrer">The New York Times</a>-ке сілтеме жасап.</p>

Табиғи апат автожолдардың су басуы мен  байланыстың бұзылуына әкеліп соқты. Кейбір аудандарда 30 сантиметрден астам жауын-шашын түскені атап өтілді. Макьюэн қаласында тәуліктік жауын-шашын мөлшері бойынша рекордтық көрсеткіш байқалды.

Теннесси Төтенше жағдайлар агенттігі тұрғындарды су басқан жолдардан аулақ болуға және үйлерден қажетсіз шықпауға шақырды.

Бөлісу:
АҚШ-тағы су тасқынынан он адам қаза тапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар