Президент
2 мин оқу 225

Мемлекет басшысы «Dolce» кәсіпорнының жұмысымен танысты

<p style="text-align: justify;">Президент Алматы облысына жұмыс сапары барысында&nbsp;&laquo;Dolce&raquo; компаниясының жұмысы мен шығаратын өнімдерімен танысты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a href="https://www.akorda.kz/ru/glava-gosudarstva-oznakomilsya-s-rabotoy-kompanii-dolce-227113" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Ақорданың</a> ресми сайтына сілтеме жасап.</p>

Компания басшылығы аталған кәсіпорын ел нарығында 1998 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанын айтты.

Бүгінгі таңда 372 адам еңбек етіп жатқан кәсіпорын 160-тан астам өнім шығарады. Олардың арасында қазіргі уақытта аса қажет медициналық қолғаптар, үш және төрт қабатты бетперделер, халаттар, дәрі-дәрмектер бар. Компанияның жылдық қаржы айналымы 8,4 миллиард теңгені құрайды.

1

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев облыстағы денсаулық сақтау саласының жағдайы туралы баяндама тыңдады.

2

Алматы облысында коронавируспен күресуге арналған іс-шаралар аясында қысқа мерзімде 200 төсектік жұқпалы аурулар ауруханасы салынып, 180 жедел жәрдем көлігі мен 12 жылжымалы медициналық кешен сатып алынған. Облыстың 17 ауруханасы оттегі станцияларымен қамтамасыз етіліп, төсек-орындардың 45 пайызы оксигенотерапиямен қамтылған. Ем мекемесінде 17 компьютерлік томограф, 53 рентген, 75 Хай Флу, 606 желдету аппараты қосылып, жұмыс істеп тұр.

3

Бүгінде облыс халқының 649 мың тұрғыны екпенің І компонентін, 510 мыңы II компонентін салдырған. Бұл облыс халқының 60 пайызы вакцинамен қамтылғанын көрсетеді.

4

Қасым-Жомарт Тоқаев облыс басшылығына өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақты бақылауда ұстап, вакцинация қарқынын назарда ұстауды тапсырды.

5

6

Бөлісу:
Мемлекет басшысы «Dolce» кәсіпорнының жұмысымен танысты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар