Аймақтар
1 мин оқу 245
ШҚО-да 40 гектарды шарпыған орман өрті оқшауланды
<p style="text-align: justify;">Мариногор ауылдық округіндегі құрғақ шөп алаңында өрт ауыздықталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ШҚО ТЖД-ға сілтеме жасап.</p>
«Бүгін сағат 6.15-те өрт сөндірушілер, орманшылар және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері Мариногор ауылдық округінде 40 га құрғақ шөптен өртті ауыздықтады», деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Оқиға орнына 6 өрт сөндіруші, ШҚО ТЖД өрт сөндіру машинасы, 2 трактор, жергілікті атқарушы органдардың 50 адамы мен орман шаруашылығының 5 қызметкері жұмылдырылды.
Барлық күштер мен құралдар жалынның толық жойылғанына дейін орнында қалады.
Бөлісу: