Аймақтар
1 мин оқу 170

Атырау облысында әскери снарядтың қалдығы табылды

<p style="text-align: justify;">Атырау облысының Ресеймен шекарадағы Құрманғазы ауданында әскери снарядтың қалдығы табылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Облыстық ТЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, снаряд 21 тамызда сағат 12:45-те табылған.

«Құрманғазы ауданындағы «Сазды» шекара заставасынан 103 шақырым қашықта зымырандық қозғалтқышы бар авиациялық снарядтың бөліктері табылды. Арнайы мамандар Ресей Федерациясының «Капустин ЯР», «Акшулук» сынақ полигондарына іргелес аумақтағы оқиға орнында тексеру жүргізді. Қазір авиациялық снарядтың бөліктері табылған аумақта күзет күшейтілді. Бөгде адамдардың жақындауына тыйым салынды. Зардап шеккендер жоқ», деп хабарлады департаменттен.

Бөлісу:
Атырау облысында әскери снарядтың қалдығы табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар